Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
«WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралып жатыр. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды.
Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн», — деп хабарлады ІІМ.
Сонымен қатар, ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы ескертілді.
