«Күнде осындай жағдай болады»: Астанада тағы бір дәрігерді науқастың жақындары соғып тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 510.08
  • 539.61
-12 °C
Алматы
2024 Жыл
9 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Күнде осындай жағдай болады»: Астанада тағы бір дәрігерді науқастың жақындары соғып тастады

«Күнде осындай жағдай болады»: Астанада тағы бір дәрігерді науқастың жақындары соғып тастады

Мәжіліс депутаты, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев Астанада әйел дәрігерді науқастың туысы соғып тастаған тағы бір оқиғаның бетін ашты.

  • 21 Қыркүйек 2023
  • 417
Фото - Caravan.kz


Депутат дәрігерлер мұндай жағдаймен соңғы кездері жиі кездесетінін айтады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Мәжіліс депутаты мұндай жайтты қаладағы емханалардың бірін аралаған сәтте білген.

«Бізде күнде осындай жағдай болады. Науқастар дәрігер, медбикелерге қол көтеріп жатады. Өте жиі болады мұндай жағдай. Күн сайын былапыт сөз айтып, дәрігерлерді қорлап жатады. Бір күні тіпті үстел үстіндегі компьютерді лақтырып, дәрігерді соққыға жықты. Нейрохирургты соңынан қуып жүріп, соқты. Хирург дәрігерді ді соққыға жықты. Ол камераның жоқ екенін пайдаланып, осы әрекетке барған. Дәрігер және әйел адам болды, қазір соттасып жатырмыз. Иә, жағдай қиын болған, науқасқа ота жасаған. Бірақ ол оған қол көтеріп, ұруға болады деген сөз емес қой? Қазір мен тіпті полиция генералына дейін хат жаздым, бізге полиция посты керек. Ал күзет қызметі аутсорста, олардың айлықтары аз, сондықтан олар мұндай жағдайлардың бәрінің алдын ала алмайды», — дейді қаладағы емханалардың бірінің бас дәрігері.