Күрес: Әбунасыр Өмірзақ - Азия чемпионы - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күрес: Әбунасыр Өмірзақ - Азия чемпионы

Күрес: Әбунасыр Өмірзақ - Азия чемпионы

Таиланд елінің Пхукет қаласында басталған күрес түрлерінен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақ палуаны Әбунасыр Өмірзақ алтын еншіледі.

  • 14 Маусым 2013
  • 432
Фото - Caravan.kz

Грек рим күресі бойынша 74 келіде белдескен ол Зонгчанг Ли (5:0, 4:0) мен жапондық Со Сокабені (7:0) ұтты. Ал финалда қырғыз Самат Ширдақовтан басым түсті ( 4:3).

Сондай-ақ 60 келіде Данияр Каленов қытайлық Лонг Жуды (3:2, 1:1) ұтып, қола алды. 66 келіде белдескен Жәнібек Қандыбаев та қытай балуаны Енченг Санды (7:0) сүріндіріп, үшінші орынды иеленді, деп жазады «Аламан».