Күресті 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізілетін спорт түрлерінің тізіміне қосты - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Күресті 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізілетін спорт түрлерінің тізіміне қосты

Күресті 2020 жылғы Олимпиада бағдарламасына енгізілетін спорт түрлерінің тізіміне қосты

Спорттың үш түрі - күрес, бейсбол және софтбол 2020 жылғы жазғы Олимпиаданың бағдарламасына енгізудің шорт-парағында қамтылған.

  • 30 Мамыр 2013
  • 395
Фото - Caravan.kz

Бұл хақында Халықаралық олипиада комитетінің (ХОК) баспасөз атташесі Марк Адамс хабарлады.

ХОК атқарушы комитетінің сәрсенбі күні Санкт-Петербордағы отырысында 2020 жылғы Олимпиаданың бағдарламасындағы бір орынға ұсынылған 8 спорт түрінің таныстырылымы өтті. Оның қатарында күрес, бейсбол, софтбол (бірлесе), каратэ, ролик спорты, сквош, тауға шығу, вейкбординг және ушу бар.

«Спорттың үш түрі ұсынылды: күрес, бейсбол, софтбол, сондай-ақ сквош», — деп атап өтті баспасөз мәслихатында Адамс.

ХОК 2013 жылдың қыркүйек айында ұйымның Буэнос-Айресте өтетін Бас ассамблеясында өз таңдауын жасамақ.