Жарияланды: 430

Лаңкестер Ұлыбританияға шабуыл жасауы мүмкін

Лаңкестер Ұлыбританияға шабуыл жасауы мүмкін

Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы Ұлыбританияда теракті ұйымдастыруы мүмкін. Бұл туралы СNN телеарнасы хабарлайды.

Өйткені соңғы күндері мұнда жергілікті депутаттардың атына әлеуметтік желілер арқылы үрей туғызатын хаттар көп келген. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін британ парламенті ел әскеріне Сириядағы әуе шабуылдарына қатысуға рұқсат берген болатын. Сөйтіп Ұлыбританияның қарулы күштері Ирак пен Леванттың лаңкестік тобы бекінген орындарға алғаш соққысын да беріп үлгерді. Ұшақтар Тұманды Альбионның Кипрдегі базасынан ұшып кетіп жатыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін