Лаңкестік актісі туралы жалған қоңырау шалған 42 жасар тұрғын ұсталды - БҚО
![]() |
10 қазан күні сағат 16.10-да Тасқала ауданы Тасқала ауылындағы аудандық аурухананың «103» операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып, |
«Бүгін сіздерде үлкен жарылыс болады», - деп хабарлаған.
БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы және БҚО ІІД экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шаралары кезінде аталған аудандағы Атамекен ауылының 42 жасар тұрғыны анықталып, қолға түсті. Қазіргі уақытта ол қамауда отыр.
Айта кетейік, лаңкестік актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін (ҚР ҚК-нің 273-бабы) 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. 2015 жылдан бастап аталған қылмыс қатаңдатылып, бұрынғы айыппұл және бас бостандығына шектеу қою жазалары жойылды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін