Ал елдің батысындағы тыныштықты полиция академиясындағы жарылыс бұзды. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 70 адам опат болып, екі жүзден астамы жаралған. Бұл кезде де көлікке тиелген бомба іске қосылыпты. Осы қайғылы оқиғаларға орай елде 3 күнге қаралы күн жарияланды. Айта кетсек, Муаммар Каддафи тақтан тайдырылғалы осы елдегі ең ірі лаңкестік шабуылдарды «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары өз мойнына алып отыр.