Ливияда тәулік ішінде екінші қуатты жарылыс орын алды: жеті адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ливияда тәулік ішінде екінші қуатты жарылыс орын алды: жеті адам қаза тапты

Ливияда тәулік ішінде екінші қуатты жарылыс орын алды: жеті адам қаза тапты

Ливиялық Рас-Лануф портты қаласында бақылау-өткізу пунктінде  мина қойылған көлік жарылып, бір жасар баланы қоса алғанда, жеті адам қаза тапты, деп хабарлады Би-би-си.

  • 8 Қаңтар 2016
  • 289
Фото - Caravan.kz

Ливия қауіпсіздік күштерінің ақпаратына сәйкес жарылысты жанкешті ұйымдастырған. Тағы 11 адам жарақат алды.

Бұл — Ливияда тәулік ішінде орын алған екінші шабуыл. Бейсенбі күндіз жанкешті жүк көлігіне жарылғыш зат қойып, елдің солтүстік батысындағы Злитен қаласындағы полицейлерді дайындау орталығына шабуылдады.

Жарылыс құрбандары кем дегенде 47 адам.

 «Ислам мемлекеті» (Ресейде және басқа де елдерде тыйым салынған экстремистік ұйым) соңғы уақытта портты қалаларды басып алуға тырысып, белсенді түрде Ливияға келуін жиілетуде.


Өткен аптада және осы аптаның басында ислам содырлары Сидра мен Рас-Лануф порттарында ірі мұнай терминалдарына бірнеше рет шабуыл жасады.