Тайсон әзірге театр сахнасына шығуға әзір еместігін, алдымен телевидениеде жұмыс істеуді жоспарлап жүргенін айтты.
«Шекспир кейіпкерлерін сомдағым келеді. Кімді екенін нақты білмеймін, алайда Отелло рөлін ойнасам деймін», — деп газетте боксшының сөзі келтірілген.
«Шекспирдің пьесасында ойнасам, керемет емес пе? Мен сияқты қара жігіт… Мені Отелло ретінде елестете аласыңдар ма?» — деді ол журналистерге Лас-Вегаста Soul Train Awards музыкалық сыйлығын табыстау кезінде.
Тайсон 55 фильмге түскен, оның ішінде өзін сомдаған кино да бар. «Мальчиншник в Вегасе» фильмінің бірінші, екінші бөлімдеріне түскен. Алдағы уақытта екі картинасы прокатқа шықпақ.