Мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қолданыстағы заңға сәйкес демалады - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қолданыстағы заңға сәйкес демалады

Мамыр айындағы мерекелерде қазақстандықтар қолданыстағы заңға сәйкес демалады

АСТАНА. 25 - сәуір. Kazakhstan Today. 2007 жылдың 1-ші және 9-шы мамырында қазақстандықтар қолданыстағы заңға сәйкес демалады, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне еліміздің үкіметінен.

  • 25 Сәуiр 2007
  • 2847
Фото - Caravan.kz

«Демалыс күндерін ауыстыру туралы ешқандай қаулы жоспарланған жоқ»,- деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметінен.

Естеріңізге сала кетейік, 1-мамырда елімізде Қазақстан халықтарының бірлігі мейрамы, ал 9-мамырда — Жеңіс Күні тойланады. Үстіміздегі жылы 1-мамыр сейсенбіге тура келсе, 9-мамыр сәрсенбі күн болып отыр. Екі мереке де мемлекеттік мереке болып табылады.

«Қазақстан Республикасының мерекелер туралы» заңына сәйкес ұлттық және мемлекеттік мерекелер күні демалыс күні болып саналады. Демалыс күні мен мереке күндері сәйкес келгенде мереке күнінен кейінгі жұмыс күні демалыс болып саналады. Бірақ, осы жылы 1 Мамыр да, 9 Мамыр да демалыс күндеріне сәйкес келмей отыр, сондықтан да демалыс күндерін ауыстыру жоспарланбайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті