Маңғыстау облысында букмекер кеңсесіне тонаушылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында букмекер кеңсесіне тонаушылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Маңғыстау облысында букмекер кеңсесіне тонаушылық шабуыл жасаған күдіктілер қолға түсті

Жаңаөзенде букмекер кеңсесіне үш ер адам шолақ мылтықпен тонаушылық шабуыл жасаған, деп хабарлады «Лада» газеті құқық қорғау органарына сілтеме жасап.

  • 28 Қыркүйек 2015
  • 278
Фото - Caravan.kz

Полицияның мәліметтері бойынша, оқиға 26 қыркүйек күні «Арай-2» шағынауданында болған. Бетперде киген үш ер адам онда келушелер болмаған кезде басып кірген. Шабуыл жасағандардың бірінің қолында шолақ мылтық болған. Осы қаруды кезеніп, ер адам кассирден барлық ақшаны беруді талап еткен. Қаскүнемдердің олжасы 150 мың теңге болды.

Полицейлер жедел-іздестіру шараларын ұйымдастырды және ізін суытпай тонаушылық шабуыл жасауға күдіктілерді қолға түсірді. Олар жергілікті тұрғындар болып шықты, олардың үлкені 24 жаста, кіші — 20 жаста. Айыбын мойындаған ұсталғандардан шолақ мылтық және ақша қаражаттары тәркіленді.

Олардың үшеуі де уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.