Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген - kaz.caravan.kz
  • $ 450.79
  • 482.21
+27 °C
Алматы
2024 Жыл
15 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келген

 

  • 15 Қыркүйек 2023
  • 18
Фото - Caravan.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері мониторинг барысында Маңғыстау облысында жеті мұғалім жалған дипломмен жұмыс істеп келгенін анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Мұғалімдер жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы жұмыс кезеңінде үстемақы түрінде төленген ақшаны қайтару үшін сотқа шағым түсірді. Сонымен қатар, бір мұғалімге қатысты үкім шығарылды. Мұғалімге 20 АЕК — 69 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге тура келеді.

"Барлық білім беру мекемеде профилактикалық кездесу өткіземіз. Біздің тарапымыздан осындай деректердің алдын алу үшін үнемі мониторинг жүргізу ұсынылды. 2021 жылдан бастап алынған барлық диплом интернет-ресурста көрсетілген. Осы уақытқа дейін берілген құжаттың түпнұсқасын жұмыс беруші тиісті оқу орнына сұрау салу арқылы тексеруге болады", — деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының Маңғыстау облысы бойынша бірінші орынбасары Біржан Хайруллин.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында жалған құжаты бар педагогтар жалақыға үстемақы ретінде 100 миллион теңгеден астам қаражат алған. 70 мектептің мұғалімі, балабақша мен мектеп қызметкерлерінде ұлттық біліктілік тестілеуінен өткені туралы жалған сертификат болған.


Соңғы жаңалықтар