«Қазір банк секторының ауыл шаруашылығын қаржыландыруда белгілі қиындықтар туып отырғандықтан қазір біз 2008 жылғы бюджет аясында ауыл шаруашылығын дамытуға бөлінген қаржы көлемін арттыру ұсынысын талқылаудамыз және оны парламентке жолдауымыз мүмкін», — деді К. Мәсімов.
К. Мәсімов сондай-ақ, негізгі азық-түлік өнімдерін сатып алуға үкіметтік резервтен қаржы бөлу туралы қаулыға қол қойғанын хабарлады. «Біз еліміздің ірі қалаларының маңында осы негізгі өнімдердің қорын сақтайтын боламыз. Біз бұл қадамға тағы да баға ауытқитын болса, нарыққа интервенция жасап, бағаны ұстап тұру үшін барып отырмыз», — деп түсіндірді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті