Мәскеу Анкарамен газ құбырын салу келіссөзін тоқтатпақ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеу Анкарамен газ құбырын салу келіссөзін тоқтатпақ

Мәскеу Анкарамен газ құбырын салу келіссөзін тоқтатпақ

Ресей энергетика министрі Александр Новак өз елі Түркиямен “Түркия ағыны” жаңа газ құбырын салу туралы келіссөзді тоқтататынын мәлімдеді.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 398
Фото - Caravan.kz

Новактың сөзінше, Кремль салған санкциялар “сауда және экономикалық ынтымақтастық жөніндегі, оның ішінде газ құбыры жобасын талқылайтын үкіметаралық комиссияның жабылуына” әкеп соқтырған.

Жоспар бойынша, “Түркия ағыны” жобасы Ресейден Қара теңіз табаны арқылы Түркияның батысына баратын төрт тармақты қосуы тиіс болған. Бұл жоба іске асса Ресей газы Еуропаға Украинаны айнала тасымалданатын еді.

Ресей президенті Владимир Путин бұл жоба жайлы 2014 жылдың желтоқсанында Мәскеу Еуропа Одағының талабы бойынша “Оңтүстік ағын” газ құбырынан бас тартқан соң мәлімдеген еді.


3 желтоқсанда “Газпром” басшысы Алексей Миллер Анкара Ресейден “Түркия ағыны” жобасы бойынша келіссөзді жалғастыруды сұрауға мәжбүр болатынын мәлімдеген. Новактың айтуынша, Түркиямен атом электр станциясын салуға қатысты келіссөз жалғасады.