Мәскеуде жаппай төбелестен соң 50 мигрант ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жаппай төбелестен соң 50 мигрант ұсталды

Мәскеуде жаппай төбелестен соң 50 мигрант ұсталды

Ресей астанасындағы "Москва" сауда орталығының алдында сәрсенбі күні кешкі уақытта болған қақтығыстан кейін 50-ден аса адам ұсталған, - деп хабарлайды РИА Новости құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап.

  • 21 Қыркүйек 2017
  • 183
Фото - Caravan.kz

Нәпақа табу үшін шекара асып келгендер мен күзетшілер төбелескен делінеді, алайда полиция қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіпті. Дереккөздің мәліметінше, қақтығысқа сауда орталығының күзетшілерінің осында жүк көтеруші болып жұмыс істейтін мигрантты ұрып жібергені себеп болған.

Құқық қорғау органдары сауда орталығында болған қақтығысты "тұрмыстық сипатта" деп атай отырып, оқиғаны растады. 

"Қақтығысқандар полиция бөлімшесіне жеткізілді", — деді кезекші офицер. 


Басылым дереккөзінің мәліметінше, 50-ден аса адам ұсталған. Қазіргі уақытта көші-қон есебі бойынша тексеріс жүріп жатыр екен.
 

Соңғы жаңалықтар