Мәскеудегі Собор мешітінің ашылуына Назарбаев қатысады
![]() |
Мәскеуде бүгін Құрбан айт қарсаңында он жыл ауқымды жөндеуден өткеннен кейін Собор мешіті ашылуда. |
Мешіт кешені алаңын 19 мың шаршы метрге жеткізіп, 20 есеге ұлғайтқаннан кейін ресейлік астанадағы мұсылманның қасиетті орны Еуропаның ең ірі мешітіне айналды, деп хабарлады ТАСС.
Мешіттің ашылу рәсімі бірнеше басқа мемлекеттер басшыларының қатысуымен өтеді. Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Рафиль Гайнутдин өз резиденциясында Түркия Президенті Режеп Эрдоғанды, Палестина президенті Махмуд Аббас, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, сондай-ақ Шешен Республикасының басшысы Рамазан Қадыров, Татарстан Республикасының басшысы Рустам Миннихановты қабылдауға әзірленуде.
Мешітті ашу бастапқыда 2016 жылғы мамыр айына жоспарланған. Алайда Ұлы Жеңістің 70жылдығын мерекелеу жылындағы рәсімді өткізуге үлгеру үшін жұмыстарды жеделдету қажет болды. «Бұл 111 жылдан бері есігі жабылмай, қызмет етіп келе жатқан мешіт, оны жаңартуымыз біздің ардагерлерге, Отан қорғаушыларымызға деген құрмет деп білемін», - деді сұхбатында Ресей Мүфтилер кеңесінің төрағасы Равиль Гайнутдин.
Мәскеу собор мешіті 1904 жылы салынған. Кеңес кезеңінде ол жабылмай, астанада қызметін жалғастырған жалғыз мешіт болатын. Апатты деп танылған мешіттің жөндеу жұмыстары 2005 жылы басталған, шатыры кез келген уақытта құлап қалуы мүмкін еді, яғни «Құлшылық етушілерді мешітте қабылдау қауіпті болды», деп мәлімдеді ТАСС тілшісіне Гайнутдин.
Енді мешітте бір уақытта 10 мың адам намаз оқи алады. Алайда бұл мұсылмандардың мешіт маңында мәжбүрлі құлшылық ету мәселесін шешпейді, себебі қалада 2 млн жуық мұсылман бар. Ал мешіт не бәрі алтау ғана.
Жобаны іске асыруға 170 млн. доллар жұмсалды. Қаражаттың басым бөлігі - қарапайым құлшылық етушілердің қайырымдылық көмегімен жиналды. Кәсіпкер Сулейман Керімов демеушілік көрсетті. Түркия президенті есік, аспашам, кілемдер сыйға тартты. Бұдан басқа, түрік шеберлері дизайн, әрлеу жұмыстарын өтеусіз орындап берді.
Мешіттің ашылуына Ресей Мүфтилер кеңесі мыңдаған қайырымдылық жасаушылардың есімдері жазылған Алтын кітапты жарыққа шығарды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін