Мәжіліс оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін заң жобасын  мақұлдады

Мәжіліс оралмандар үшін Қазақстан азаматтығын алуды жеңілдететін заң жобасын мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне

  • 14 Қазан 2015
  • 1005
Фото - Caravan.kz

халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатына жолданады.

Айта кетейік, құжатта этникалық қазақтарды тарихи отанына оралуын ынталандыру мақсатында заң жобасымен олардың қоныстану өңіріне қарамастан оралман мәртебесін алу, шетелдік азаматтарға қарағанда төлем қабілетін растаусыз уақытша тұру ықтиярхатын алу мүмкіндігі беріледі. Бұл ретте Үкімет белгілеген өңірлерге қоныстанған жағдайда оралмандарға жағдайлар жасалады. Мәселен, жұмыспен қамту бойынша шаралар шеңберіндегі этникалық қазақтар үшін көлік шығындарын өтейтін, қызметтік баспана немесе жатақханадан бөлме беруді құрайтын әлеуметтік пакеттер қамтылмақ. Бұндай әлеуметтік көмектер еліміздің бір өңірінен Үкімет айқындаған екінші өңіріне қоныстанған оралмандар үшін де беріледі. Ал алғашқы қоныстанған, яғни Үкімет айқындаған өңірінен бес жыл мерзімінен бұрын өз бетінше көшіп-қонып, қоныс аударып кеткендер, Қазақстан Республикасының азаматтығын алудан бас тартқандар өздері алған мемлекеттік қолдауларды қайтаратын болады. Сонымен қатар, оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматтығын беру мерзімін тұрақты тұру ықтиярхатын алғаннан кейін бір жыл ішінде шешу көзделеді.

«Заң жобасында бүгінгі күні шет елдердегі қандастарымыздың Қазақстан азаматтығын алуда туындап отырған бірқатар мәселелері шешімін тапты. Атап айтқанда, ендігі жерде этникалық қазақтар қоныстанған өңіріне қарамастан оралман мәртебесін ала алады. Сондай-ақ, олар Қазақстанның азаматтығын тұрғылықты тұруға рұқсатты алғаннан кейін бір жыл мерзімінде, өтініш берген күнінен бастап үш ай ішінде жеңілдетілген тәртіппен ала алатын болды. Бұрынғы заң бойынша олар Қазақстан азаматтығын алу үшін елімізде төрт жыл тұрақты тұруға міндетті еді», — деп түсіндірді Мәжіліс депутаты Гүлнәр Сейтмағанбетова.