Мәжіліс қайырымдылық және меценаттық қызметті реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс қайырымдылық және меценаттық қызметті реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс қайырымдылық және меценаттық қызметті реттеуге бағытталған заң жобасын мақұлдады

Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында палата депутаттары «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 30 Қыркүйек 2015
  • 601
Фото - Caravan.kz

Аталған құжатқа Мәжілістің бірқатар депутаттары бастамашылық жасаған. Олардың пайымынша, бүгінгі күні қолданыстағы заңнамада қайырымдылықтың, оны жүзеге асырудың заманға сай әдістерінің мүмкіндіктері ынталандыру мәселесін жеткілікті реттей алмай отыр. Соның ішінде депутаттар бірлесіп әлеуметтік, экономикалық және құқықтық саясаттың қуатты қабатын құрайтын қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызметтің құқықтық ерекшеліктері жоқ екенін алға тартады.

«Осыған байланысты әлеуметтік өмірдің түрлі салаларындағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызметті жүзеге асыру қатынастарын құқықтық реттеу заң деңгейінде қамтылады. Еліміздің аумағында, одан тысқары жерлерде осындай қызметке қатысушыларды үйлестіру шаралары қарастырылады», — деді депутат Николай Кузьмин. Оның айтуынша, заң жобасына сәйкес, «қайырымдылық» дегеннің өзі қайырымдылық көмек пен  ізгілік қажеттіліктерді қанағаттандыруға негізделген, ерікті, өтеусіз немесе жеңілдік шарттардағы филантропиялық, демеушілік және меценаттық қызмет түрінде жүзеге асырылатын әлеуметтік-пайдалы қызмет ретінде айқындалады. 

Бұдан бөлек, жалпы отырыста палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы еліміздегі қайырымдылық қызметке мұқтаж азаматтарға көмек көрсетуге дайын тұлғалардың қызметін ынталандыруға бағытталады. Енгізілген өзгерістер меценаттықты қоса алғанда, қайырымдылық жасаушылардың тізбесін кеңейтеді, оларды белсенді әлеуметтік өмірге тартуға мүмкіндік береді.