Мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+8 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстан Республикасының "Салық және және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер туралы" кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босату мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 23 Қаңтар 2008
  • 368
Фото - Caravan.kz

«Заң жобасы Салық кодексінің 226-шы бабының нормаларын қолдануға байланысты туындаған жағдайды жою үшін жасалған», — деді мәжіліс депутаты Виктор Цой.

Оның айтуынша, 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексіне тұрғын үй ғимаратын сату немесе осындай ғимаратты жалға алу құнын қосымша құн салығынан босатуды қарастыратын түзетулер күшіне енді. Алайда, Салық кодексінің осы нормасына сәйкес, Қосалқы құн салығынан босату тұрғвн үй ғимаратының бір бөлігін сату мен жалға беруге таралмаған.

«Кодекс баптарының нормасын түрліше түсіндіру салдарынан Қазақстанның құрылыс ұйымдары зардап шегіп, оларға салық органдары 2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қосалқы құн салығы мен осы соманың 50% көлемінде өсімпұл тағайындаған», — деліген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Енгізілетін түзетулермен Салық кодексінде туындаған аталған құқықтық қарама-қайшылық жойылады.

Заң жобасы екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне берілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті