Мәжіліс Төрағасы мен Грузия Елшісі ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады
![]() |
Мәжіліс Төрағасы Қабиболла Жақыпов Грузияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Зураба Патарадзені қабылдады. |
Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық, көліктік-логистикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақстандық-грузиндік ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Зураб Патарадзенің атап өткеніндей, Қазақстан Грузияның ең ірі инвесторларының бірі. Аталған елде 100-ге жуық қазақстандық компаниялар тіркелген.
Қ. Жақыпов пен З. Патарадзе өзара іс-қимыл басымдықтары туралы сөз еткенде Қазақстан Президентінің 5 институтционалдық реформаларын жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, Азиядан Еуропаға кедергісіз жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін «Еуразиялық трансконтиненталдық коридор» жобасына Қазақстан мен Грузияның қатысуы төңірегінде әңгіме қозғалды.
Кездесу иелері екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін де назардан тыс қалдырмай, екі ел парламенттерінде жұмыс істейтін бейінді комитеттер мен достық топтар арқылы қарым-қатынасты нығайта түсу керектігін алға тартты.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін