Жарияланды: 510

Мәжіліс төрағасы Румыния президентімен кездеседі

Ертең, 9-қыркүйекте мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбай Парламент үйінде елімізге ресми сапармен келетін Румыния президенті Ион Илиескумен кездеседі,-деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Кездесуге Румыния жағынан осы елдің экономика және сауда министрі Дан Иоан Папеску, сенатор, "Румыния-Қазақстан" парламентаралық достық тобының мүшесі Георгий Присэкару, Қазақстан Республикасының Румыниядағы төтенше және өкілетті елшісі Сағынбек Тұрсынов сынды ресми өкілдер қатысады деп күтілуде.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін