Жарияланды: 540

Мәжілісте "2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асырудың механизмдері" деген тақырыпта конференция өтті

Астана. 11 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "2007-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы көші-қон саясатының тұжырымдамасын іске асырудың механизмдері" деген тақырыпта конференция өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конференцияны Халықаралық көші-қон ұйымы Еуропалық одақ қаржыландыратын Орталық Азиядағы еңбек көші-қоны жөніндегі бағдарламасы шеңберінде мәжілістегі "Нұр Отан" ХДП фракциясы жанындағы еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі Әлеуметтік Кеңесінің жұмыс тобы және "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобымен бірлесе отырып ұйымдастырды. Конференцияның модераторы Орталық Азияның еңбек көші-қоны бойынша жобаның аймақтық үйлестірушісі Павел Шалусь болды. Барлық дамушы елдер, сондай-ақ өтпелі экономикасы бар мемлекеттер де көші-қон процестерін, соның ішінде еңбек көші-қонын реттеуді қарастыратын саясатты, заңнамалар мен тетіктерді әзірлеуге ұмтылыс жасайтыны анық. 2007 жылы тамыз айында Қазақстан 2007-2015 жылдарға арналған көші-қон саясатының тұжырымдамасын қабылдады. КХҰ оны жүзеге асыру үшін ұсыныстарын береді. Ол көші-қон мәселелерінің аясын кеңейтіп және тиімді механизмдерін тұтастай және жеке алғанда еңбек көші-қонын реттеу жөніндегі саяси стратегияны әзірлеуге көмектеседі. Конференцияға парламент депутаттары, "Нұр Отан" ХДП-ның парламентаризм институтының өкілдері қатысты. Сондай-ақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Экономика және бюджеттік жоспарлау, Әділет министрліктері мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің жауыпты қызметкерлері, ҚР Статистика агенттігінің, ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамының, ЕҚЫҰ және Қазақстандағы Еуропалық комиссияның өкілдері қатысты. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін