Жарияланды: 430

Мәжілісте аналар мен балаларды қорғау жөнінде парламенттік тыңдау өткізілмекші

Бүгін, 5-қыркүйекте мәжіліс спикері Жармахан Тұяқбайдың төрағалық етуімен мәжіліс бюросының кезекті жиналысы өтіп, онда палатаның әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің ұсынысымен 10-қазанда аналар мен балаларды қорғау жөнінде парламенттік тыңдау өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ, бюро 9-10-қазанда Мәскеуде өтетін "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясындағы сот-құқық реформаларының ахуалы мен оны дамыту перспективалары" тақырыбындағы конференцияға қатысушылар мен Әзербайжан Республикасында 15-қазанда өтетін президент сайлауына бақылаушылар ретінде қатысатын өкілдерді тағайындады. Бюро үкіметтен келіп түскен заң жобалары бойынша басшылық жасайтын комитеттерді анықтады. Мәселен, мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеті мынадай келісімдерді бекіту жөніндегі заң жобалары бойынша басшылық жасайды, атап айтсақ, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономика, әскери және қайырымдылық көмектерді тасымалдау саласындағы көлік коммуникациясы желілерін пайдалану және дамыту жөніндегі ; сондай-ақ, Қазақстан, Әзербайжан және Ресей Федерациясы мемлекеттерінің арасындағы Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін шекара сызығының түйіліс нүктесін белгілеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі ; Ал экономикалық реформалар және аймақтық даму жөніндегі комитет - жергілікті мемлекеттік басқару жөніндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне түзетулер енгізу жөніндегі жобалар бойынша ; заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитет - "Салық және бюджетке міндетті төлемдер жөніндегі" Қазақстан Республикасы Кодексін күшіне ендіру жөніндегі" (Салық Кодексі) заңға түзетулер енгізу жөніндегі заң жобалары бойынша басшылық жасайды. Мәжіліс бюросы әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі, сондай-ақ, заң және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттердің қос палата өкілдерінен құралған Келісім комиссиясының мәжілісте мақұлданған жарнама туралы заң мен сенаттың жемқорлықпен күрес жөніндегі заң жобасына енгізуді ұсынған түзетулеріне қатысты ақпараттарын тыңдады. Мәжіліс бюросы бұл мәселелерді палатаның 10-қыркүйекте өтетін кезекті жалпы отырысының күн тәртібіне енгізді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть