Жарияланды: 870

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде "Бәсекелестік туралы" заң жобасы талқыға түсті

Астана. 19 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде дөңгелек үстел болып өтті, онда "Бәсекелестік туралы" заң жобасы талқыға түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасы жөнінде Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев баяндама жасады. Заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен бірге бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылар арасындағы сөз байласу фактілерін анықтаудың дәл тетіктерін айқындау мақсаты көзделіп отыр. Сондай-ақ заң жобасы экономика салаларын "жасырын" монополияландырудың алдын алуға, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейтуге, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Заң жобасы "Жосықсыз бәсеке туралы" заң мен "Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы" заңның ережелерін біріктірді және дамытты. Заң жобасы 5 бөлімнен, 14 тараудан және 80 баптан тұрады. Осы заң жобасымен мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының мақсаттары мен толымды негіздері айқындалды. Сондай-ақ бәсекелестікке қарсы келісімдерді және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді монополияға қарсы заңнаманы бұзудың дербес тәсілдеріне бөлу көзделіп отыр. Заң жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілері шығыстарының ұлғаюына әкеп соқтырмайды. Өйткені заң жобасы бизнестің кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділігінің өсуін дамытуға бағытталған. Заң жобасы қабылданған жағдайда тауарлар өндірісінің өсуін, өнімнің негізделген құнын қолдануды, инновацияларды енгізуді ынталандыратын адал бәсекелестіктің дамуы үшін қажетті жағдай жасау көзделеді. Бұл түпкі нәтижеде ел мен қоғамның әл-ауқатының өсуіне әкеледі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть