Мына кадрларды сондағы куәгерлер түсіріп алған. Сорайған биік крандардың бірі ырғалып-тербеліп барып, құлшылығын өтеп жатқан жандардың дәл үстіне сұлап түскен. Шейіт кеткендерден бөлек, 200-ден астам адам әр түрлі деңгейде жарақат алып, жергілікті ауруханаларға жатқызылған. Оқиға орнында қазір құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Ал, еліміздің Сыртқы істер министрлігі апат кезінде Мекке қаласында қазақстандықтардың болмағанын мәлімдеді.