Меккедегі кептеліс: 717 адам көз жұмып, 863 адам жарақат алған
![]() |
|
Сауд Арабиясында кептеліс салдарынан қаза тапқан қажылық парызын өтеушілердің саны 717 адам болды.
Ал жарақат алғандар саны 863 адам. Бұл туралы корольдіктің азаматтық қорғаныс қызметіне сілтеме жасап, ТАСС хабарлады.
Бұған дейін 453 адам өлгені, 719-ы жарақат алғаны хабарланған еді.
Таңертең мұсылмандар үшін киелі қала Меккеден бірнеше шақырым жерде орналасқан Мина жазығында мұсылмандардың Ид әл-Адха - Құрбан айт мерекесінің құрметіне оқылған намазға көптеген елдерден келген жүздеген мың қажы жиналды.
Айта кетейік, Құрбан айттың бірінші күні (зилхижжаның 10-ыншы күні) қажылық парызын өтеушілер Минада шатырларға орналасқаннан кейін шайтанға тас лақтыру үшін үлкен шайтанға (Ақаба жәмрасына) барады. Құрбан айттың бірінші күні үлкен шайтан тасқа (Ақаба жәмрасына) жеті тас лақтырылады. Кептеліс осы кезде орын алған тәрізді.
ҚР СІМ алдын ала болжам бойынша кептеліс салдарынан қаза тапқандар қатарында қазақстандықтар жоқ екендігін хабарлаған.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін