Жарияланды: 520

Меккеге аттанған қазақ қажысы қайтыс болды

Меккеге аттанған қазақстандықтардың бірі көз жұмды. 78 жастағы қария жүрек ауруынан жергілікті емханалардың бірінде қайтыс болған. Айта кетерлігі егде жастағы әже денсаулығына қарамастан қажылыққа жалғыз келіпті.

Осыған байланысты Қазақстан қажылық миссиясы алдағы уақытта қарттарды жақын туыстарынсыз қажылыққа жібермеу туралы талап қоюды жөн көріп отыр. Сонымен қатар, Мина жазығында кеше болған қырғынға байланысты отандастарымызға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Мұнда қажылардың жаппай сығылысуы салдарынан 700-ден астам адам қаза тауып, 800-ден астамы жараланған еді. Енді Сауд Арабиясының королі қажылық ережесін өзгертпек. Ол негізінен адамдардың қозғалысына қатысты болады. Өйткені кешегі сұмдық оқиғаға шайтанға тас ату рәсімі барысында қажылардың кезек сақтамауы себеп екен.  

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін