Жарияланды: 300

Меккеге барғандар әлі елге қайта алмай жатыр

Меккеге барғандар әлі елге қайта алмай жатыр

Ал Сауд Арабиясындағы өзге қажыларымыздың елге қайтуы тағы да кешіге бастады.

Дәл қазір Жидда қаласының әуежайында 500-ге жуық отандасымыз бір тәулік бойы ас-сусыз рейсін күтіп отыр.

Қажыларымыздың алды кеше де қайта алмай біраз кешіккен. Бүгін де сол жағдай. Қажылардың өздері түсірген мына кадрлар соның дәлелі. Қазір әуежайды мекендеген жұрттың жағдайы қиын. Бір тәуліктен бері 40 градус ыстықта ас-сусыз отыр. Адамның көптігінен бәрі де ұйқы көрмеген. Көбісі жасы ұлғайған қарт кісілер. Әуежайдың күту залына симағандар даладағы шатырды паналауда. Ал қажыларымызға бас-көз болар бір адам табылмай жатыр екен. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін