Мексикада 14 жасар жасөспірім Facebook арқылы кісі өлтіруге тапсырыс алған - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикада 14 жасар жасөспірім Facebook арқылы кісі өлтіруге тапсырыс алған

Мексикада 14 жасар жасөспірім Facebook арқылы кісі өлтіруге тапсырыс алған

Facebook арқылы кісі өлтіру жөнінде тапсырма алған 14 жастағы жеткіншек ұсталды, деп хабарлады мексикалық БАҚ.

  • 15 Қазан 2015
  • 269
Фото - Caravan.kz

Төменгі Калифорния штатының прокуратура өкілі айтқандай, жеткіншек полицейлерге Тихуана қаласында адамды өлтіру үшін оған 31 мың песо (1,9 тыс. доллар) ұсынғанын айтты.

Белгіленген уақытта жасөспірім есірткі затын сатушылар жиналатын ауданға таксимен келген. Оған қару беріп, өлтіретін адамын көрсеткен.

«Тапсырысты орындаған» соң бала құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қолына түсіп, қылмыс жасағанын мойындады.

Тихуана полициясының басшысы Алехандро Ларес айтқандай, Мексиканың криминалдық топтары қанішер ретінде жеткіншектерді пайдаланады. Өйткені заң бойынша оларды көп жылға түрмеге қамамайды.


2010 жылдың желтоқсанында Мексикада "Эль Пончис" есімді 14 жастағы жасөспірім ұсталды. Ол наркокартельдің тапсырысымен 4 адамның өмірін қиғанын мойындады.