Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 250 адамға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 250 адамға жетті

Мексикадағы зілзала құрбандарының саны 250 адамға жетті

Кеше Мексикада орын алған жойқын зілзаладан қайтыс болғандар саны 248 адамға жетті.

  • 20 Қыркүйек 2017
  • 187
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы елдің апатты-құтқару қызметінің басшысы Луис Фелипе Пуэнте өзінің Twitter парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, Мехикода 117 адам, Морелос штатында 72 адам, Пуэбло қаласында 43 адам, Эдомекс қаласында 12 адам, Геррерода үш және Оахаке елдімекенінде бір адам көз жұмған.

Еске салайық, магнитудасы 7,1 балл болатын жер сілкінісі Мексиканың оңтүстік-шығысында 19 қыркүйек күні жергілікті уақытпен 18:14-те (Астана уақытымен 00:14) тіркелген болатын. Оның артынша он рет жерасты толқыны жүрген. Зілзаладан ел астанасы Мехикода 40-қа жуық ғимарат қирап қалды. Олардың қатарында мектеп те бар. Мектепте болған 26 оқушы мен 4 ересек адам қайтыс болған.

Бүгінде елде төтенше жағдай жарияланып, құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.


Соңғы жаңалықтар