Олжас Омар, Астана қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту орталығының директоры:
— Қазіргі таңда осы мамандықтар сұраныста. Ал егер жастар тегін оқыса, жұмыс тапса, мемлекетімізге пайдалы болады. Сұраныс жабылады. Жастар жұмысқа орналастырылады. Білім беру мәселесі де шешімін табатын сыңайлы. Келесі жылдан бастап кәсіби-техникалық білім алушылар тегін оқуға мүмкіндік алады. Мұндай нақты бағыт Елбасының Ұлт жоспарында көрсетілген. Бүгінде елордадағы 24 мектеп осы бағдарламамен оқытуды бастап кетті. 10 және 11 сынып оқушыларына арналған оқу курсы 7 мамандық бойынша өтеді.
Салтанат Басығараева, қалалық білім басқармасының кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау бөлімінің басшысы:
— Балалар 11 сыныпты бітіргеннен кейін жалпы орта білім бітіру аттестатымен қоса куәлік алады. Мысалы, тігіншіні бітірсе, тігінші деген куәлік алады. Оларға тігінші біліктілігі бекітіледі. Олар университетке түсе алмай қалса, бұл балалардың жұмыс жасауына болады. Айдана Рахым – тігінші курсына алғашқы болып жазылғандардың бірі. Бойжеткен болашақта дизайнер болуды армандайды. Күнделікті киетін киімдерді қазақы ою-өрнекпен безендіріп, ұлттық нақыштың ұрпақтар жадында мәңгі сақталуына үлес қосуды көздейді.
Айдана Рахым, 10 сынып оқушысы:
— Қазіргі таңда көбінесе мені көйлектер қызықтырады. Қазір әртүрлі сәндік киімдерді қарап, белгілі дизайнерлердің туындыларын қарай отыра шабыттанамын. Және сол бойынша өзімнің кішкентай эскиздік альбомым бар. Мен өзім қазақи тігін жағын қолдаймын. Және қазақтың белгілі дизайнерлері Құралай Нұрқаділова, Аида Кәуменова сияқты тұлғаларды құрмет тұтамын. Оқушылар екі жыл ішінде теорияны мектепте меңгерсе, тәжірибелік сынақты колледжде жалғастырады. Ал дәрістерді колледждердің білікті мамандары өткізеді. Осылайша бүгінгі жастардың нарықта сұранысы жоғары кәсіп иесі атануына мүмкіндігі артады.