Жарияланды: 410

Мемлекет басшысы АҚШ компания өкілдерін ынтымақтастықты дамытуға шақырды

Мемлекет басшысы АҚШ компания өкілдерін ынтымақтастықты дамытуға шақырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йоркте АҚШ-тың ірі компанияларының өкілдерімен кездесті.

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде компаниялардың Қазақстанның экономикасын ары қара дамытуға қатысуын кеңейту мен Астанада Халықаралық қаржы орталығын құру аясындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері қаралды.

Шараға Guggenheim, JP Morgan, Pfizer, Blackstone және т.б. осы сияқты компаниялардың, инвестициялық қорлардың, қаржы институттарының басшылары қатысты.

Өз сөзінде Қазақстан Президенті америкалық бизнес өкілдеріне тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның құрылуы мен дамуы, реформаларды жүзеге асырудағы жетістіктері мен республиканың халықаралық аренадағы беделі жайлы баяндады. Егемендіктің бастапқы жылдары америкалық компаниялар өз істерімен Қазақстанға инвестиция құюдың тиімділігін көрсетті.

Нұрсұлтан Назарбаев бүгінде АҚШ компаниялары біздің экономиканың барлық салаларында бар екендігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті ел алдында тұрған маңызды міндеттерге тоқталды.  Олардың ішінде - Бес институционалдық реформаны, инвестициялық климатты жақсарту бойынша шараларды, экономиканы мемлекет иелігінен алу және «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында инфрақұрылымдық құрылысты жүзеге асыру бар.

ЭКСПО-2017 көрмесіне және Астанада Халықаралық қаржы орталығын құруға баса назар аударылды.  Елбасы АҚШ компаниялары аталған жобаларға белсене қатысатынына сенім білдірді.  

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев өзара тиімділік негізінде ынтымақтастықты дамытуға ықпалдасуға шақырды.  

Кездесуде сөз сөйлеген бизнесмендер Қазақстанның инвестициялық қызығушылығын арттыру бойынша талаптарын, ары қарай дамуға қажетті құқықтық, институционалдық және  инфрақұрылымдық нығаю бойынша ұмтылыстарын жоғары бағалады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін