Әңгіме барысында тараптар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективаларын талқылады.
«Қазақстанда өте қолайлы инвестициялық ахуал және келешегі зор нарықтық орта қалыптасқан. Бұл ел Еуропа мен Қытай арасында стратегиялық маңызды жерде орналасқан. Біздің компания жан-жақты және Қазақстанда кемежай қызметін, логистика, қаржы, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қызметін көрсете алады. Біз Астанада, Алматыда және Қазақстанның басқа да өңірлеріндегі ірі жобаларға инвестиция салмақ ниеттеміз», — деді Сұлтан Ахмад бен Сулейм журналистерге арналған брифингте.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті