Мемлекет басшысы күш құрылымдарына бірқатар тапсырмалар берді - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы күш құрылымдарына бірқатар тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы күш құрылымдарына бірқатар тапсырмалар берді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік органдардың басшыларымен және арнайы мақсаттағы жасақ командирлерімен кеңес өткізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Желтоқсан 2015
  • 619
Фото - Caravan.kz

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің басшысы Н.Нығматулин, Президент көмекшісі — Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Н.Ермекбаев, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, қорғаныс министрлігінің, ішкі істер министрлігінің және Мемлекеттік күзет қызметінің басшылары қатысты.  

Кеңес барысында министрліктер мен ведомстволардың арнайы мақсаттағы күштерінің дайындығы және одан әрі дамыту, олардың өзара іс-қимылы,  материалдық-техникалық қамтылуы секілді мәселелер талқыланды.

Елбасы атап өткендей, бүгінде мемлекет арнайы мақсаттағы жасақтарға жүктелген міндеттердің маңыздылығын ескере отырып, оларға ерекше көңіл бөліп отыр. Қазақстан Президенті аталған қызметтердің сарбаздары мен офицерлері терроризмге қарсы күресте, құқықтық тәртіпті, қоғам тыныштығы мен конституциялық құрылымды қорғауда тиімді жұмыс атқарып жатқанын атап өтті.  

Мемлекет басшысының айтуынша, арнайы мақсаттағы жасақ қызметкерлері Ақтөбе және Алматы облыстарында, Алматы қаласында күрделі әскери операциялар жүргізді, ал «Арыстан» қызметкерлері алғашқы әскери тәжірибесін 1992 жылы Шымкенттегі кепіл-тұтқынға алынған адамдарды босату бірегей операциясы барысында алған.

«Осылайша, арнайы мақсаттағы жасақтар әскери кезеңде де, бейбіт өмірде де пайдаланылуы мүмкін. Арнайы мақсаттағы жасақтардың күнделікті қызметі адам өміріне қауіп төндіретін үлкен физикалық және психофизикалық қысымдармен байланысты. Бұл арнайы дайындықты, өз ісін жетік білуді, қаруды жақсы меңгеруді, сондай-ақ психологиялық орнықты болуды талап етеді», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Кеңес қорытындысында Мемлекет басшысы құзырлы мемлекеттік органдардың басшыларына және арнайы мақсаттағы жасақ командирлеріне бірқатар тапсырмалар берді.