Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының Астананың атауын Нұрсұлтан деп атау жөніндегі бастамасына қарсы (толықтырылған нұсқасы) - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының Астананың атауын Нұрсұлтан деп атау жөніндегі бастамасына қарсы (толықтырылған нұсқасы)

Мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының Астананың атауын Нұрсұлтан деп атау жөніндегі бастамасына қарсы (толықтырылған нұсқасы)

Астана. 6 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарының Астананың атауын оның атымен атау жөніндегі бастамасына қарсы. Бұл туралы ол бүгін журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді.

  • 6 Маусым 2008
  • 529
Фото - Caravan.kz

«Бұл жайлы мен естідім. Парламент — жоғарғы заң шығарушы орган ретінде ешкімнен сұрамай-ақ заң қабылдауға құқығы бар. Бірақ, парламентте қабылданған заңдар оған президент қол қойған соң ғана күшіне енеді. Ал мен сан алуан атау өзгертулерге әрдайым қарсымын, оның үстіне менің атыммен атап жатса тіпті», — деді Н. Назарбаев.

«Мен қазір ешқайда кеткелі жатқан жоқпын, халық қанша уақыт сенім жүктесе, сонша уақыт ұзақ және өз мүмкіндіктеріме және денсаулығыма сәйкес жұмыс істей бермекпін», -деді ол.

«Қазақстан мен оның халқына қажет уақытымда, сенімге ие болған уақытта және халық сайлауда маған сенім жүктеген уақытта мен жұмыс істей бермек ниеттемін», — деді президент.

«Сол себепті бағалаған депутаттарға ризашылығымды білдіремін, осы қаланы, жалпы елді салып аяғынан тұрғызуға қосқан менің үлесімді есепке алған шығар. Атауды қалай өзгерту дұрыс дегенді болашақ ұрпақ шешетін болады, бірақ осы жолы емес», — деп санайды мемлекет басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжіліс депутаты Сәт Тоқпақбаев Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгертуді ұсынған. Депутат үкімет басшысының атына жолдаған тиісті депутаттық сауалын мәжілістің жалпы отырысында 4 маусымда жария етті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті