Кеше Нұрсұлтан Назарбаев Москваға барып, Б. Ельциннің туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
«Борис Николаевичті мен ұзақ жылдардан бері, өмірдің сан түрлі сәттерінде, бірақ негізінен алғанда, әлбетте бірлескен жұмысымыз арқылы білемін»,- деді Н. Назарбаев.
«Ельцин кезеңі бүкіл әлемнің саяси бет-бейнесін өзгерткен дәуірлік кезеңге айналды. Борис Николаевич Ресейді мүлдем жаңа рельске, еркіндік пен жаңғыру және нарық экономикасы бар дамыған елдердің қатарына көшіру рельсіне отырғызды»,- деп атап өтті президент.
«Мұның барлығы күрес арқылы өрбіп жатты. Бұл күресте жеңіске жетіп, Ресейді мүлдем басқа, яғни жаңа Ресейге айналдыру үшін Ельцин сияқты темірдей ерік-жігерді, қайсарлылық пен қасиетті иеленуі керек еді»,- деді елбасы.
«Кеңестер Одағы тараған кезде нақ Ресейдің және оның Тұңғыш Президенті Борис Ельциннің арқасында қақтығыстар мен қантөгістерге жол берілмеді, бұрынғы кеңестік республикалар өзара тату қарым-қатынасты сақтап қалды, олар тыныштықта өркендеп, өз тәуелсіздіктерін нығайтты», — деп атап өтті Қазақстан президенті.
Ресейдің бірінші президенті Борис Ельцин 2007 жылдың 23-сәуірінде жүрегі тоқтап қайтыс болды. Б. Ельцин Москвада Новодевичье зиратында жерленеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті