Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады

Астана. 21-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевты қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 21 Қаңтар 2008
  • 455
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, кездесу барысында Мәдениет және ақпарат министрлігінің өткен жылғы қызметінің қорытындылары, ағымдағы жылы және алдағы кезеңде атқаратын жұмысының басым жоспарлары талқыланған.

«Мен мәдениет саласын қаржыландыру 2008 жылы 30 пайыздан астамға артқанын баяндадым. Болашақта бұл көрсеткіш өсе бермек. Бұл «Нұр Отан» партиясының әлеуметтік саясатына сәйкес болып отыр»,- деп хабарлады журналистер үшін өткен брифингте Е. Ертісбаев.

Оның айтуынша, «президент министрлік жұмысының бағыттарын мақұлдап, ақпараттық саладағы қызметті жандандыру мен мәдениетті одан әрі дамыту жөнінде нақты тапсырмалар берген».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті