Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапары басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапары басталды

Мемлекет басшысының Германиядағы ресми сапары басталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары басталды. 
 

  • 28 Қыркүйек 2023
  • 16
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сапар барысында Мемлекет басшысы Федералдық Канцлер Олаф Шольцпен және Федералдық Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен келіссөз жүргізеді.

Сонымен қатар, Президент Орталық Азия және Германия мемлекеттері басшыларының кездесуіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, сапар аясында Мемлекет басшысы халықаралық Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйлейді және Германияның іскерлік қоғамдастығы өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.