Елбасы «Нұр Отан» мемлекеттік тілді нығайту, қазақтың дәстүрін, мәдениетін жаңғырту жұмыстарының тиімді жүйесін жасауы тиіс дей келе: "Доктринада мемлекеттік тіл ел бірлігінің факторы ретінде аталғаны да аса маңызды. Бұл мәселеге барынша ден қоятын кез келді. Қазақ тілін білу азаматтық парызымыз ғана емес, ұлтқа деген құрметті білдіру болып табылады. Отан дегеніміз отбасындағы өнегелі тәрбиеден басталады. Осыны әрбір азамат есінен шығармауы тиіс», — деп баса айтты.