"Мен қоңырат болдым": Ангола азаматы Тоқаевпен қазақша сөйлесті - kaz.caravan.kz
  • $ 473.59
  • 544.68
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мен қоңырат болдым": Ангола азаматы Тоқаевпен қазақша сөйлесті

"Мен қоңырат болдым": Ангола азаматы Тоқаевпен қазақша сөйлесті

Алматыда білім алып жатқан Анголалық азамат Президентпен қазақша сөйлесті. 

  • 6 Қыркүйек 2023
  • 54
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚР Президентінің телерадиокешенінің әлеуметтік желідегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Алматы қаласындағы жұмыс сапарында мемлекет басшысы Сүлеймен Демирел атындағы университеттің білім беру бағытымен және ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысты. Аталмыш оқу ордасымен танысу барысында Ангола азаматы, университеттің 4 курс студенті Ферейра Элиша Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен қазақ тілінде сөйлескен. 

"Біздің университетке қош келдіңіздер! Мен Анголадан келдім. Сізді көргеніме өте қуаныштымын. Мен қазір қоңырат болдым. Қазақ елі жасай берсін", — деді ол.


Президент өз кезегінде Біріккен Ұлттар Ұйымында жұмыс істеп жүрген кезінде Ангола астанасы Луандада болғанын айтты.