Мен Токиода болған жоқпын, салыстыра алмаймын - Бағдат Мусин - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мен Токиода болған жоқпын, салыстыра алмаймын - Бағдат Мусин

Мен Токиода болған жоқпын, салыстыра алмаймын - Бағдат Мусин

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннен Қазақстандағы интернет пен байланыстың сапасы туралы тағы да сұралды. 
 

  • 13 Қыркүйек 2023
  • 26
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz — ке сілтеме жасап хабарлайды. 

"Біз министрлік ретінде бірнеше рейтингіге сүйенеміз. Бірақ рейтинг біз үшін де, қазақстандықтар үшін де маңызды емес. Біз үшін Қазақстан аумағында ұсынылатын байланыс сапасы маңызды. Мен Қазақстан азаматы ретінде сіз сияқты интернетті қолданамын. Менде жеке интернет жоқ. Сондықтан менде де қазақстандықтар секілді байланыс сапасына қатысты сұрақтар туындайды", — деді Мусин үкімет брифингінде.

ЦДИАӨМ басшысы Қазақстандағы ұялы байланыс және интернет сапасы мәселесін талқылау үшін апта сайын ұялы байланыс операторларымен кездесетінін айтты.