Жарияланды: 550

Mercedes қымбат көліктер сатылымы бойынша қайта көш бастады

Mercedes қымбат көліктер сатылымы бойынша қайта көш бастады

Mercedes-Benz неміс автоконцерні өткен айда сату көлемін 16% немесе 188,4 мың автомобильге ұлғайтты.

BMW компаниясында осы уақыт аралығында 180,5 мың көлік сатылса, Audi компаниясында 170,9 мың көлік сатылды, деп хабарлады Bloomberg агенттігі.

Mercedes автоконцерні үш ай қатарынан  «люкс» модельді темір тұлпарларды сату бойынша көш басында келеді.  Тоғыз ай көрсеткіші бойынша BMW компаниясы сату көлемі бойынша 1,4 млн көлік көрсеткішімен бірінші,   1,38 млн дана көрсеткішімен Mercedes екінші орында. Автоөндіруші Audi 1,35 млн автомобиль сатып үшінші орында келеді.

Mercedes-Benz компаниясының алға шығуына қытай нарығы септесті. Мұнда сатылым 31%-ға өсті. Қытайлықтар жаңа модельдерге, әсіресе  кроссоверлерге қызықты. Өзге концерндердің өсімі шамамен 0,3%-2%.

Mercedes 2005 жылдан «люкс» көліктерін сату бойынша бірінші орында келе жатқан BMW компаниясынан озуды көздеп отыр. Audi модельдері Ұлыбританиядағы делдал орталықтарынан тез тарады. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін