Бұдан басқа, 934 адам жарақат алған. Мұндай ресми мәліметті Сауд Арабиясының денсаулық сақтау министрлігі жария етті, деп жазады khabar.kz.
Ал осы елдің ішкі істер министрлігі қажылық рәсімдерін орындау барысындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тағы жүз мың қызметкер бөлген.
Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 24-ші қыркүйекте Мина жазығында шайтанға тас лақтыру рәсімін атқару кезінде болған.
«Біз көптеген құрбандардың денесін туыстарына бердік. Жерлеуге дайындық басталып кетті. Бұл жұмыстар қайғылы оқиғадан кейін 2 күн ішінде тез қолға алынды. Бірақ әлі жеке басы анықталмаған марқұмдар бар. Тиісті қауіпсіздік органдары мен сот-медицина қызметкерлері қайғылы оқиғаның себептерін әлі тергеп жатыр», — Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрі Халид Әл-Фалиһ.
Айта кетейік, біздің елімізден қажылық парызын өтеуге барған қазақстандық 78 жастағы М.Мансұрова есімді қария жүрек ауруынан жергілікті емханалардың бірінде ем жүргізу барысында көз жұмды. 1937 жылы туған әже егде жастағы денсаулығы мен жағдайына қарамастан жалғыз келген екен. Қазақстан Қажылық Миссиясы бұдан былай егде жастағы қарияларды жақын туыстарынсыз қажылыққа жібермеу туралы талап қояды.