Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді

21-22 желтоқсан күндері Беларус астанасы - Минск қаласында қазақ күресінен ІV Әлем чемпионаты өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 40-қа жуық мемлекетінен 200-ден астам балуан қатысады деп күтілуде, деп хабарлайды Baq. kz .

  • 20 Желтоқсан 2013
  • 382
Фото - Caravan.kz


Аталған сында ел намысын қорғайтын спортшылар:

60 келі — Абзал Арыстанбеков
70 келі — Ерлан Естек
80 келі — Ерсін Мұхамеджанов
90 келі — Мұхит Тұрсынов
+90 келі — Айбек Нұғымаров

Естеріңізге болса, Абзал Арыстанбеков, Ерлан Естек, Ерсін Мұхамеджанов және Мұхит Тұрсынов тұңғыш рет Тараз қаласында өткен "Еуразия барысы" халықаралық турнирінде тамаша өнер көрсеткен болатын. Сондай-ақ, бұл дүбірлі додада "Қазақстан барысы-2013" турнирінің жеңімпазы Айбек Нұғымаров та бозкілемге шығады. Ұлттық құраманың балуандары көк туымызды желбіретеді деп сенеміз.