Минскідегі ТМД саммитінде 14 мәселе қаралады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Минскідегі ТМД саммитінде 14 мәселе қаралады

Минскідегі ТМД саммитінде 14 мәселе қаралады

 Беларусь Президенті Александр Лукашенко ТМД Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедевпен Достастыққа мүше-елдердің мемлекет басшылары кеңесінде қаралатын мәселелерді талқылады. Бұл туралы БР Жалпыұлттық телевидениесінен хабарлад

  • 24 Қазан 2013
  • 393
Фото - Caravan.kz

С.Лебедев 25 қазан күні Тәуелсіздік Сарайында өтетін отырысқа дайындық жұмыстары жөнінде баяндады. Кездесу барысында экономика мен гуманитарлық саладан қауіпсіздікті нығайтуға дейін барлығы 14 мәселе көтеріледі. Атап айтқанда, терроризмге, адам саудасына және есірткі тасымалына қарсы бірлесіп күресу туралы келісімге қол қою жоспарланған.


Беларусь басшысымен әңгіме барысында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына орай 2015 жылды Достастық шеңберінде Ардагерлер жылы деп жариялау ұсынылады деп атап өтілді.