Жарияланды: 30

Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Мирзиёев Тоқаевты ҚР Президенті лауазымына кірісуімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы BAQ.kz Ақорданың баспасөз қызметінесілтеме жасап хабарлайды.

"Шавкат Мирзиёев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, оған зор денсаулық, амандық және жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Өзбекстан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы екі ел халықтарының тату көршілігі мен достығына негізделген стратегиялық серіктестік жалғаса беретініне сенім білдірді", - делінген хабарламада.

Екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның қазіргі қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны дамыту жолында ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Өзбекстан жағы бастамашы болды.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен телефон арқылы сөйлесті.

Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісуімен құттықтап, жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.

Қасым-Жомарт Тоқаев құттықтағаны үшін Әзербайжан Президентіне ризашылық білдіріп, Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы өзара ықпалдастықты жан-жақты дамытудың бағыты өзгермейтінін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан мен Әзербайжанның қарым-қатынастарын қалыптастыру және оны нығайту ісінде ерекше рөл атқарғанын атап өтті.

Сондай-ақ, екі ел көшбасшылары бір-бірін Наурыз мейрамымен құттықтады.

Телефон арқылы сөйлесуге Әзербайжан жағы бастамашы болды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть