Монако - миллиардерлер елі
Wealth-X зерттеу орталығы елдердің халық санына шаққандағы дәулетті адамдары көп елдердің тізімін жасап шықты. |
Бұл зерттеуде байлығы 30 миллион доллардан асатын дәулетті адамдар 10 000 тұрғын санына бөлініп есептелді. Әлем бойынша миллионерлер саны жағынан АҚШ алғашқы орында тұрғанымен, тұрғындар санына шаққандағы есеп бойынша Еуропаның бірқатар елдері көш басында екен. Алғашқы орында Монако княздығы аталды (он мың адамға шаққанда 55 миллиардер). Артынша Лихтенштейн, Люксембург, Швейцария, Гонконг сынды елдер тұр. Алғашқы ондыққа сондай-ақ Норвегия, Кувейт, Бруней және Исландия енді, деп жазады «Алаш айнасы» басылымы.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін