Жарияланды: 730

М.Телібеков: «Жыныстық қатынас үшін де салық төле»

Жыныстық қатынас үшін де салық төле! Небір қыңыр бастамаларымен танымал атышулы Мұрат Телібеков бүгін осындай ұсыныс жасады. Қазақстан мұсылмандар одағының басшысы мұны салықты көтергелі жатқан билікке жауап ретінде ұсынғанын айтып отыр.

Тіпті экономистер және салықшылармен ақылдасып, жыныстық қатынас құнын анықтаған. Мәселен, заңды некедегі адамдар бір рет төсектес болғаны үшін 584 теңгеден төлеуі тиіс. Азаматтық некедегілер 748 теңгеден қағылса, некесіз болған жақындықтың құны 1893 теңгені құрайды. Сондай-ақ, дәстүрлі емес және біржынысты жақындықтың да құны анықталған. Ол әлдеқайда қымбат. Телібеков зейнет жасындағы және мүгедектерді бұл салықтан босатса, ана тілінің жанашыры ретінде қазақ тілін меңгерген адамдарға 50 пайыздық жеңілдік көрсету керек дейді. Ал кімнің қашан және қанша рет жыныстық қатынасқа түскенін білу үшін арнайы полиия құрып, жұрттың үйіне ешбір ескертусіз баса-көктеп кіруге құқық беруді ұсынды.

Мұрат Телібеков, Қазақстан Мұсылмандар одағының төрағасы:

– Ер адам мен әйел адам бір-біріне қатты жақындаса, сол үшін Үкіметке салық төлейді. Қазіргі қиын кезде, дағдарыс кезінде бұл Үкіметке үлкен қамқорлық, үлкен жәрдем болады деп ойлаймын. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін