Мәскеу уақытымен сағат 08.45-тегі деректер бойынша, солтүстіктеңіздік Brent қоспасының қараша айындағы фьючерстерінің құны 0,20%-ға, барреліне 49,85 долларға дейін көтерілді.
Ал WTI маркалы жеңіл мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы 0,15%-ға, барреліне 47,22 долларға дейін өсті.
Сәрсенбі, 16 қыркүйекте мұнайдың әлемдік бағасы соңғы жеті айдағы ең төменгі көрсеткіштен кейін бірден 6%-ға шарықтап кеткен болатын.
"Қара алтынның" қымбаттауына АҚШ Федеральды резервінің пайыздық мөлшерлемені көтеру немесе сол күйінде қалдыруға қатысты жасайтын мәлімдемесі әсер еткен. Ақпарат today.kz сайтынан алынды.