"Мына қатынды жын ұрған": Жуырда ғана 800 миллионға үй алған блогер ұлттық киіммен ерсі би билеп халықтың сынына қалды
![]() |
Daricorn лақап есімімен танымал блогер жуырда ғана жолдасымен бірге 800 миллионға үй алғандарын хабарлап, елді біраз шулатқан еді. |
Енді ұлттық киіммен ерсі би билеген видеосы желіде тарап көптің тағы талқысына түсіп отыр. Оның бұл әрекетін бірі хайпқа баласа, бірі "тойынғандық" деп сынап жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Видеодан блогердің ұлттық оюы бар шапан мен тақия киіп жерге аунап, бөксесін қимылдатып билегенін көруге болады.
Желі қолданушылары оның бұл әрекетіне "Ұлттық киімді қорлағаны үшін айыппұл салу керек", "Тойынғандық", "Блогерлерде не ұят жоқ. Не білім жоқ", "Мәдениеттен жұрдай", "Мына қатынды жын ұрған", "Құтырған" деген сынды пікірлерін жазуда.
Айта өтейік, Дариға Нүркеева блогер Дархан Жолшыбековпен отау құрған. Қазір бір ұл өсіріп отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін